1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Тепличное ауылында да тойланды. Қызылжар ауданында тұратын түрлі этнос өкілдері бірлесіп, күні түні бөгетті нығайту жұмыстарына қатысып жатқан азаматтарға түрлі дәмді тағам әзірлеп, таратты.
СНХ: САМАТ ҚАБЫЛБАЕВ, 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетейік, бүгінде Қызылжар ауданында 10-нан астам этнос өкілі тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
СНХ: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шара барысында бел жазбай еңбек етіп жатқан жандар үшін концерттік бағдарлама да ұсынылды. Ол адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлап, аз да болсын мерекелік атмосфераны сездірді.