1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке қарсаңында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Татулықтың тал бесігін тербеткен» іс-шарасы өтті. Оған Қазақстан халқы ассамблеясының, эномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі елімізде тұратын 120-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы бейбітшілік, келісім және достықты дәріптейді.

СНХР: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ


Кездесуге келгендер өз оқиғаларымен бөлісіп, этномәдени орталықтардың жұмысы жайлы әңгімеледі. Олар еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында маңызды құндылықтарды атап өтті. Сонымен қатар, жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында көтерілген мәселелер жайлы айтылды.

СНХР: ДИЛЯРА ХАСАНОВА, «ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


СНХР: ЗУЛЕЙХА БИКМЕТОВА, «ДУСЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ


Мерекеге орай кітапханада тақырыптық көрме де ұйымдастырылды.