Өңірде жыл басынан 103 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам мерт болды. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер апаттылықты азайту үшін жаңа тәсілді қолдана бастады.
Солтүстік Қазақстан облысында апаттылықты азайту үшін жолдарды тарылту әдісі алғаш рет қолданыла бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жолды тарылту жүргізушілердің қырағылығын арттырады, қауіпті болса алда келе жатқан көлікті басып озудан және жылдамдықты арттырудан бас тартуға мәжбүрлейді.
СНХР: Ерлан Мәдиев — СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары
Жыл басынан облыста 103 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 5 адам қаза тауып, 145 адам жарақат алды. Жезқазған – Петропавл тас жолының әуежайға бұрылыс алдындағы жол учаскесі -көлік көп жүретін учаскелердің бірі. Бүгін мұнда жүргізушілердің назарын аударып, жылдамдықты төмендету үшін арнайы кедергілер орнатылды.
Апаттылықты азайтуға бағытталған бұл шара жүргізушілер тарапынан сұрақтар туындатып отырғандықтан, полиция қызметкерлері бұл акцияның мән-жайын түсіндіруді қолға алды. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да өткізілетін болады. Жүргізушілер осындай жұмыстарға түсіністікпен қарайтындықтарын айтты.
СНХР: Евгений Гокин — жүргізуші
Сонымен қатар, полицейлер жолдарда бақылауды күшейтуде. Дрондар, жасырын патрульдеу, бейнебақылау – мұның барлығы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қолданылады. Жол қозғалысына қатысушылардың мұқияттылығы мен жауапкершілігі – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.