«Qyzylzar» креатив орталығында Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Шын жүректен» жобасы аясында дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ардагерлер, жастар ұйымдарының мүшелері мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдары қатысты.

Адам еңбегімен құрметті. Еңбек адамдары – мемлекеттің негізі. Бүгінгі іс-шарада жұмысшы мамандық иелеріне баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Түрлі салада еңбек етіп жүрген 5 адам іріктеліп алынды. Олардың үшеуі өз саласының ардагерлері болса, қалған екеуі жас мамандар.

СНХР: АНАТОЛИЙ КОРАБЕЛЬНИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Геннадий Языковтың жетекшілігімен облыс орталығында талай ғимарат бой көтерді. Ол – өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға бағыт-бағдар беріп жүрген тәлімді тәлімгер. Оның «Үздік жастар тәлімгері» атағы да бар.

СНХР: ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ, ЗЕЙНЕТКЕР


Ардагерлер мен жас мамандардың басын қосқан кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарға үлгі боларлық тағылымды тәрбие берді. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналғандарға ерекше жылы әсер қалдырды.