Су тасқынының қаупі сейілмеген Тепличное ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мамандар мен арнайы техника тәулік бойы жұмылдырылған. Жергілікті билік пен тұрғындар бірлесіп, табиғи апаттың алдын алуға күш салып жатыр.

Әскерилер мен тұрғындар су тасқынының алдын алу үшін құм толтырылған қаптарды төсеп, бөгетті бекітіп жатыр. Оларға көмектесуге жергілікті спортшылар да келген. Барлығы бірлесіп, инертті материалдарды қапқа салып, бөгетті нығайтуға атсалысып жатыр.

СНХ: НИНА УСЕНКО, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Спортшылар кезекпен, яғни ауысым бойынша атсалысып жатыр. Тасқынның алдын алу шараларына тек спортшылар ғана емес, сол салада қызмет ететін барлық мамандар жұмылдырылған.

СНХ: ОЛЖАС АХМЕТЖАН, СҚО БЖСМ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Суық жел мен жаңбырға қарамай, мамандар мен еріктілер иық тіресе еңбек етіп жатыр. Олар үшін басты мақсат – елді мекенді тасқыннан аман сақтап қалу.