1 -мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн - халықтар достығын нығайтуды мақсат етеді. Осы мерекеге орай Петропавлда әр түрлі этностардың мәдениетіне арналған концерттер, ұлттық тағамдар жәрмеңкелері мен фестивальдар өтіп жатыр. Мерекелік іс-шаралардың бірі № 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде де өтті.

СНХ: АЙГЕРІМ УӘЛИЕВА, № 8-ШІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Іс-шара мектеп оқушылары мен мұғалімдер дайындаған көрмеден басталды. Бұл жерде 10-нан астам түрлі этнос өкілдерінің киімін киген ұл-қыздар өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап әкелген. Олар дастархандағы дәмі тіл үйірер тағам түрлерімен таныстырып, мерекемен құттықтады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Түрлі этнос өкілдері мың бұрала би билеп, ән шырқады.