АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:

- Бүгін 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Дәл қазір орталық алаңда тұрмын. Мүнда әртүрлі этнос өкілдері ән шырқап, би билеп қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланда.

интершум

Мерекелік іс-шарада әртүрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, өнер көрсетті. Сахнада қазақтың халық әндерімен қатар өзбек, орыс, ұйғыр және басқа да этнос өкілдерінің әні шырқалып, биі биленді. Бұл түрлі этностың өнері Қазақстандағы ұлттар достығы мен ынтымағының айқын көрінісі болды.

СНХ: МИХАИЛ СӘРСЕНБАЕВ, «ЗВОННИЦА-НАСЛЕДИЕ» АНСАМБЛІНІҢ СОЛИСІ


Концерттік бағдарламаны тамашалауға келген көрермендердің қатары қалың болды. Балалар, жастар, ата-аналар мен қариялар – барлығы бірлік пен татулықтың шуағына бөленді. Тұрғындардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімін байқауға болды. Олар әрбір өнер көрсетілімін ықыласпен қабылдап, қол соғып, ерекше рухани әсер алды.

«Бірлігіміз жарасқан» мерекелік бағдаралама аясында 50-ге жуық шығармашылық қойылым ұсынылып, көрермендерге керемет мерекелік көңіл күй сыйлады.