Брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департаменті атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Есептік кезеңде облыстық департамент тарапынан түрлі бағыттар бойынша 7 талдау жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпорындарда бәсекелестік туралы заңнаманы бұзудың 4 жағдайы анықталды.

"Петропавл жылу желілері" ЖШС жылыту маусымына техникалық дайындық актісін келісу бойынша міндетті қызметтен бас тартқан. Монополияға қарсы органның араласуынан кейін мәселе шешіліп, акт берілді. Екі астық қабылдау кәсіпорны астықты жөнелтуге байланысты көлік түрі мен апта күніне қарай әртүрлі, негізсіз бағалар белгілеген. «Солтүстік» ӘКК» АҚ кәсіпкерлермен әртүрлі талаптармен шарттар жасап, бұл бәсекелестік қағидаттарын бұзған. Қазіргі уақытта аталған заңбұзушылықтарды жою мәселесі қарастырылып жатыр.

СНХ: АСЛАН ӘЛІППАЕВ, СҚО БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ