Өңіріміздегі С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жаңа әдеби кітаптар көрмесі өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат: кітапхана қорындағы әдебиеттер тізімімен оқырмандарды таныстыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  оқырмандарға 3 тілде жаңа көркем әдебиет ұсынылды. Сондай-ақ,  психология, менеджмент, экономика және бизнес саласын қамтыған оқулықтар да бар. Барлығы – 500 кітап. Кітапхана әкімшілігі аталмыш шараны әр тоқсан сайын өткізіп, тұрақты оқырмандарына таныстырады. Бұл жолы әдеби шығармалар  арасында еліміздің киелі орындары мен қасиетті жерлері  туралы жазылған  «Рух» кітабының екі нұсқасы әкелінген. Қазіргі таңда қорда  600 мыңнан астам кітап бар.

НӘЗИРА ЫСҚАҚОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ  КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Астананың 20 жылдығына орай да көптеген жаңа кітаптар әкелінді. Оның ішінде «Жан жүрегім-Астана» атты кітабында бас қаламыздағы сәулет ғимараттары мен жыл сайын жаңартылып отыратын мекемелер туралы жазылған. Және қазақ халқының дастандары, жырлары дискка түсіріліп  келді. Онда Қазақстанның танымал жыршылары мен ең көркем шығармалары түсірілген. Сондай-ақ ағылшын тілінде дамытушылық кітаптар да бар.