Негізгі Жаңалықтар Волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі

Волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі

Осы жылдың наурыз айында жалпыхалықтық республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция шілде айында қолданысқа енгізілді. Зерделеп қарасақ, басты құжаттың еліміздің одан әрі дамуына бағыт-бағдар беріп жол сілтер тұстары көп. Жаңа Ата заңымызда азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық бастамаларды қолдау ерекше мәнге ие болса, соның ішінде волонтерлік қызметтің маңызын арттырып, қоғамдағы өзара көмек пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Ал еріктілер үшін бұл – еңбегінің еленіп, бастамаларына мемлекеттік қолдаудың күшеюіне жол ашатын маңызды қадам.

Волонтерлердің қоғамдағы рөлі әсіресе қиын-қыстау кезеңде айқын байқалады. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығын әуре-сарсаңға салған көктемгі су тасқынында олардың еңбектері ерекше көзге түсті. Қиын кезеңде еріктілер зардап шеккен тұрғындар жанынан табылып, оларға алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. Су басқан аумақтағы халыққа азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге атсалысты.

СНХ: Асанәлі Жанатұлы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 3-курс студенті, волонтер

Бөлісу