Қуыршақ театрында жаңа премьера
Петропавлда балаларға жол қозғалысы ережелері ерекше форматта түсіндірілді. Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрында балғындардың жолдағы қауіпсіздігі жайында жаңа спектакльдің премьерасы өтті. Қойылым облыстық Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған.
Спектакльдің басты мақсаты – балаларға жолда жүру ережесін үйретіп, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру. Қойылым барысында балғын көрермендер жол белгілерімен, бағдаршам түстерінің мәнімен және жаяу жүргіншілерге қойылатын негізгі талаптармен танысады.
СНХР: АЛЕКСЕЙ ВАСИЛЬЕВ – ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ
Спектакльді дайындауға шамамен жарты жыл уақыт кеткен. Қойылымды театр әртістері мен Полиция департаментінің қызметкерлері бірлесе әзірлеген. Полицейлер балалар күнделікті жолда кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды сюжетке енгізуге көмектесті.
СНХР: АЗАМАТ ЖАМУКОВ – СҚО ПД ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұған дейін қуыршақ театры облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен де бірлескен жобаларды жүзеге асырған. Алдағы уақытта театр ұжымы басқа да сала мамандарымен осындай бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.