Негізгі Жаңалықтар Айыртау ауданының курортты аймағында полиция пункттері ашылды

Айыртау ауданының курортты аймағында полиция пункттері ашылды

Айыртау ауданы туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Мұнда жыл сайын демалушылар саны артып келеді. Туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шалқар-Имантау курорттық аймағында жаңа модульдік полиция пункттері ашылды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың өтінішіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Толығырақ тілші материалында.

Шалқар-Имантау курорттық аймағы – өңірдегі танымал туристік орындардың бірі. Мұнда полиция пункттерінің ашылуы қоғамдық тәртіпті сақтап, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Салтанатты іс-шарада өңір басшысының атынан сөз сөйлеген СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев туристер санының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтіп, демалушыларға қолайлы әрі лайықты жағдай жасау басты міндет екенін жеткізді.

ТИТР: РУСЛАН ӘЛІШЕВ – СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қауіпсіздік – туристік аймақтың тартымдылығын арттыратын басты факторлардың бірі. Сондықтан жаңа полиция пункттері өңірдегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға да үлес қосады.

ТИТР: РУСЛАН НАЗАРОВ – СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Тағы бір полиция пункті Имантау ауылында ашылды. Салтанатты рәсімде модульдік ғимараттың кілті мен арнайы техниканың кілттері табысталды. Жаңа нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарады.

ТИТР: ЕЛЖАС МАҚҰЛОВ – АЙЫРТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Жаңа полиция пункттері туристер мен тұрғындарға жедел көмек көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Тазалық, тәртіп пен қауіпсіздік – өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңызды кепілі.


Бөлісу