СҚО-да қараша айында ауа райы қандай болады
Солтүстік Қазақстан облысында қараша айында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, айдың басы жылы болғанымен, кейін күрт суытады деп болжануда. Қараша айына арналған ауа райы болжамын әріптесім Қазгидромет мамандарынан біліп қайтқан болатын. Сюжеттен көрейік.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында қараша айы климаттық нормадан жылы болады деп күтілуде. Орташа айлық ауа температурасы -4-5 градусты құрайды, бұл әдеттегіден 1-2 градусқа жоғары.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Айдың үшінші онкүндігінде ауа райының салқындайды. Түнде ауа температурасы біртіндеп 1-6 градус жылыдан минус 13-18 градусқа дейін, күндіз 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді. Сонымен қатар қараша айында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан артық болады деп болжанып отыр.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Петропавлда қараша айы температурлық рекордтарымен де есте қалды. Мәселен, 1955 жылдың 1 қарашасында қалада +14 градус жылы болған. Ал 1987 жылдың 24 қарашасында минус 37 градусқа дейін төмендеген.