Негізгі Жаңалықтар Бескөлде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бескөлде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы ол «Парасат» мектеп-лицейінің стадионында ұйымдастырылды. Оған ауданға қарасты 19 ауылдық округтің өкілдері қатысты.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 10 тоннаға жуық азық-түлік пен 15 тонна мал азығы жеткізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлер тұрғындарға үй тұрмысына қажетті түрлі тауарларды ұсынды. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Айнұр Ақзамова. Ол бұл салада тоғыз жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіпкер бұл жолы да ауыл тұрғындарына күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың кең таңдауын ұсынды.

СНХ: АЙНҰР АҚЗАМОВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Бөлісу