Негізгі Жаңалықтар «Арман» орталығына жаңа оңалту жабдықтары табысталды

«Арман» орталығына жаңа оңалту жабдықтары табысталды

Петропавлдағы «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына оңалту жабдықтары табысталды. Замануи құрылғылар «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жеткізілді. Аппараттардың құны - 10,6 млн теңге. Жаңа құрылғылар балалардың қозғалыс дағдыларын дамытуға және оңалту шараларының тиімділігін арттыруға көмектеседі. Келесі сюжетке зер салайық. 

«Арман» орталығында 14 бала оңалтудан өтуде. Бұл жерде 2 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, педиатр дәрігер, медицина қызметкерлері, логопед, психолог және әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балалардың денсаулығын жақсарту жолында еңбек етеді. Ата-аналар ақырындап оң өзгерістерді байқап жүргендерін айтады. 

СНХ: АНАСТАСИЯ ЖАДАН, АТА-АНА

Енді орталықтағы балалар заманауи аппараттардың көмегімен оңалту курсынан өте алады. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен арнайы жабдықтар жеткізілді. Оның бірі - тірек жүктемесін имитациялайтын «Корвит» аппараты. Ал екіншісі қол мен саусақтардың қимыл-қозғалысын қалпына келтіруге арналған роботтандырылған қолғаптар. Заман талабына сай бұл құрылғылардың құны - 10,6 млн теңге. 

«АРДОС-Жүрек» мүгедектігі бар адамдар бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім қоғам белсендісі ретінде көпшілікке жақсы таныс. Ол осы орталықта жеті жыл бойы оңалтудан өткен. Айтуынша, мұндағы ем-шаралар денсаулығын жақсартып, оңалуына үлкен септігін тигізген.

СНХ: АҚЖАН КӘРІМ, «АРДОС-ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Облыста ерекше қажеттілігі бар 2500-ден астам бала бар. 118 адам тұратын 2 мекеме жұмыс істейді. Кішкентай солтүстікқазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға қажетті барлық жағдай жасалған. Жыл соңына дейін реабилитациялық орталықтардың саны тағы біреумен толықпақ.

СНХ: АЛТАЙ СЕИТОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Айта кету қажет, 10 жылда «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен аймақта жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайтын 9 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік кәсіпкерлік, өңірді дамыту және креативті индустрия салаларын қамтыды.

Бөлісу