Негізгі Жаңалықтар Якорь орта мектебінде агросынып ашылды

Якорь орта мектебінде агросынып ашылды

Қызылжар ауданындағы Якорь орта мектебінде ауыл шаруашылығы мен сұранысқа ие мамандықтарды мектеп қабырғасынан игеруге бағытталған жаңа агросынып ашылды. Бұл бірегей жоба болашақ механизаторлар мен агрономдарға кәсіби бағдар беріп, жетекші кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының мамандарынан тәлім алуға мүмкіндік береді. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алып, жыл соңына дейін ауданда осындай төрт бірдей сыныпты іске қосу жоспарланып отыр.

Ашылу салтанатына аудан әкімі, білім басқармасы басшысының орынбасары, университет ректоры және аудандағы кәсіпорын басшылары қатысты. Алдымен қонақтар мектептің бірінші қабатындағы музей экспозициясының көрмесімен танысты. Кейін екінші қабатта оқушылардың 3 ғылыми жобасы көрсетіліп, сондай-ақ 3 агросынып туралы ақпараттық стендтер таныстырылды.

АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Агросыныптарда сабақты мектеп мұғалімдері мен университет оқытушылары жүргізеді. Сондай-ақ аудандағы құс фабрикаларының тәжірибелі технологтары келісім бойынша оқушыларға кәсіби бағдар беріп, өндірістің қыр-сырын үйретеді.

ЕРБОЛ БАГЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кейін аудан әкімі, университет ректоры және кәсіпорындар арасында меморандум жасалып, оқушылар тәжірибе жинақтау үшін мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен де ресми келісімге қол қойды.

ВАЛЕНТИН ЗАБОЛОТИН, ЯКОРЬ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ:

Қоса кетейік, Бескөл №2 мектебі мен Вагулино мектептерінде де осындай арнайы сыныптар ашу жоспарлануда.

Бөлісу