Петропавлда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды аман алып қалды
Петропавлда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қала тұрғынын аман алып қалды. 29 қазанда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санат Еменалин мен Берік Құсайынов түнгі кезекшілікте болған. Сағат 21:00 шамасында кезекші бөлімге қаланың 19-шағынауданындағы ескі үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары өз өзіне қол салмақ болған ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Патрульдік полиция қызметінде әрбір шақырту жедел шешім қабылдауды талап етуі мүмкін. Ал кейде сол шешімнің дер кезінде қабылдануы адам өмірін сақтап қалады.