Президент мұғалімдердің жүктемесін азайтуды тапсырды
Еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадамдар жасалып, ұстаз мәртебесі жаңа белеске көтерілмек. Президент Жолдауында көтерілген ұстаз беделі мен бала тәрбиесіндегі түйткілдер қалай шешілмек.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында білім мен ғылым саласына айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы ұстаздардың құқығын қорғау, артық жүктемені азайту және педагогтерге көрсетіліп жатқан орынсыз қысымға қатаң тосқауыл қою қажеттігін кесіп айтты. Бүгінде мұғалімдердің сан түрлі цифрлық платформалар мен есеп-қисапқа алаңдап, басты миссиясынан қол үзіп жатқаны жасырын емес. Кейінгі кезде оқушы тарапынан ұстазға тіл тигізу, тіпті қол көтеру деректерінің белең алуы қоғамды алаңдататыны анық. Президент бұл ретте мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі бірдей екенін қадап айтып, кінәлілерді жазасыз қалдырмауды тапсырды.
СНХ: ЛӘЗЗӘТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: