Негізгі Жаңалықтар Елордаға Аустралиядан өңірімізге бағытталған 655 бас асыл тұқымды қой жеткізілді

Елордаға Аустралиядан өңірімізге бағытталған 655 бас асыл тұқымды қой жеткізілді

Қазақстанға алғаш рет «Аустралиялық ақ» деп аталатын асыл тұқымды қой жеткізілді. Ұсақ мал Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған. Аустралиядан әкелінген етті бағыттағы «Дорпер» және «Австралиялық ақ» тұқымдарының 655 бас қойы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты «Eco Lamb» серіктестігіне жөнелтіледі. 

Бұл Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды оқиға. Өңір тарихында алғаш рет Аустралиядан етті бағыттағы «Аустралиялық ақ» және «Дорпер» тұқымдарының 655 бас асыл тұқымды қойы жеткізілді. Ал жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында алдағы уақытта ұсақ мал санын 1,5 мың бастан асыру жоспарланып отыр.

Снх: Динара Анафина – облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

 «Аустралиялық ақ» әлемге танылған етті бағыттағы элиталық қой. Бұл тұқым жылдам салмақ қосу, кез-келген жер мен жағдайға тез бейімділігі және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Қойдың осы тұқымына қол жеткізген «Eco Lamb» серіктестігінің көздегені, шаруашылықтарында еліміздегі алғашқы асыл тұқымды репродуктор құру. Бұл болашақта отандық шаруашылықтарды сапалы асыл тұқымды малмен қамтамасыз етуге және елдегі ет кластерін дамытуға мүмкіндік береді.

Снх:Алексей Леонов – серіктестік директорының орынбасары:

Бұл Аустралиядан біздің облысымыз үшін асыл тұқымды төрт түлік жеткізіп отырған екінші арнайы борт. Бұған дейін солтүстікқазақстандықтар дәл осы жерде Абердин ангус құнажындарын қабылдап алған болатын. Шет елдік генетика арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға «Береке» және «Игілік» бағдарламалары аясында жылдық 6 пайыздық жеңілдетілген несие қарастырылған. Жоба ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.



Бөлісу