Қысқа дайындық тексерілді
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қысқы маусымға арналған техникалардың дайындығын тексерді. Қала аумағында жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен 9 ұйым айналысады.Биыл күнделікті жұмыстарға 170-ке жуық көлік жұмылдырмақ. Әріптесім Алтынай Қазиқан жалғастырады.
Өңір аумағында қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазір «Казсервис» серіктестігінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға арналған 140-тан астам техника бар. Техника паркі биыл 16 бірлік жаңа техникамен толыққан. Бұдан бөлек, көктайғақтың алдын алу үшін 8 мың тоннадан астам құм-тұз қоспасы әзірленді. Қысқы маусымда 300-ден астам қызметкер тәулік бойы жұмыс істеп, жолдардың қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
СНХ: ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ - «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Қала әкімінің орынбасары Сергей Мелеховтің айтуынша, коммуналдық қызметтер қысқы маусымға дайын. Жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен 9 ұйым айналысады. Бұдан бөлек, саябақтар, скверлер мен Қазақстан Конституциясы көшесіне қызмет көрсететін тағы 10 ұйым жұмыс істейді. Биыл қар шығаратын 4 полигон әзірленген. Күнделікті жұмысқа ауа райына байланысты 100-ден 170-ке дейін техника тартылады.
СНХ: СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осылайша, қала коммуналдық қызметтер қысқы маусымда қар тазалау және шығару жұмыстарын уақытылы жүргізуге әзір. Ендігі міндет - ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көшелердің таза әрі жол қозғалысының қауіпсіз болуын қамтамасыз ету.