Негізгі Жаңалықтар «Дарын» мектебі мен Омбы университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Дарын» мектебі мен Омбы университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Дарын» мектебі мен Омбы университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Петропавлдағы «Дарын» мектеп-лицейі әдістемелік орталықпен бірлесіп, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастаманы қолға алды. Жоба аясында Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен меморандумға қол қойылып, оқушыларға арналған жаңа дидактикалық ойындар таныстырылды. Әріптесім жалғастырады. 

Халықаралық ынтымақтастық аясында Омбыдан келген делегация мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындарды таныстырды. Олар «Ойын арқылы оқыту технологиялары зертханасы» жобасы аясында әзірленген. Негізгі мақсат – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімді тәжірибе арқылы меңгеруіне мүмкіндік беру.

СНХ: НАТАЛЬЯ МЕНЬШЕНИНА – «ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоба аясында экономика, тарих, әдебиет және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша ойындар әзірленген. Сабақтардың оқушыларға тигізер пайдасы зор. Ойындар «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру ұлттық орталығында сараптамадан өтіп, оқу үдерісі мен сабақтан тыс жұмыстарда пайдалануға ұсынылған. 

СНХ: АЗАМАТ ӘДІЛОВ – ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Тарихи ойындардың бірі «Ұлы дала» деп аталады. Ол Солтүстік Қазақстан мен Омбы өңірін қамтитын ортақ тарихи-географиялық кеңістікке арналған. Бүгін жаңа әдістемелер алтыншы, сегізінші және оныншы сынып оқушыларына таныстырылды. Тараптар алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жалғастыруға ниетті.


Бөлісу