Негізгі Жаңалықтар Полиция қызметкерлеріне кезекті шендері табысталды

Полиция қызметкерлеріне кезекті шендері табысталды

Полиция қызметкерлеріне кезекті шендері табысталды

Күнделікті кезекшілікте қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, заң бұзушылықтарға қарсы тұратын тәртіп сақшыларының еңбегі еленді. Мемлекет пен халық алдындағы антына адал болып, қызметін мінсіз атқарған бірқатар офицерлер кезекті шендерін алды. Сондай-ақ бұл күні 15 жас полицейге де алғашқы шендері табысталды.  

 Патрульдік полиция батальонының қызметкері Қанат Фазылов осыдан 10 жыл бұрын Чириковка ауылы маңындағы тасжолда адамдарды құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған. Ал биыл тамыз айының басында Петропавлдағы ойын-сауық орындарының бірінде болған жанжал кезінде әйел адам оған және әріптесі Артём Борисовқа күш қолданатынын айтып қорқытқан. Сол сияқты, қаңтар айында Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкері Жақсылық Қожелдақов та мас күйдегі құқық бұзушының агрессивті әрекетіне тап болған. 

Аталған полиция қызметкерлері облыстық полиция департаментінің басшысы Руслан Назаровтың қолынан Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар алды. Марапаттау рәсіміне департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрболат Бегім және Полиция департаменті мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов қатысты. Сонымен қатар бұл күні 15 жас полицей алғашқы офицерлік шендерін алды.

РУСЛАН НАЗАРОВ – СҚО ПД БАСТЫҒЫ: 

Тағы төрт қызметкерге полиция майоры, екі қызметкерге полиция подполковнигі кезекті арнайы шені табысталды. Жаңа шен – мансаптағы кезекті саты ғана емес, сонымен қатар Заң мен тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапкершіліктің артуы.   


Бөлісу