Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды

Елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау, атқарылған жұмыстарды саралау және алдағы міндеттерді айқындау. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды. Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты, жөнделген жол учаскелерін көрді және халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.

Ауданда медицина саласына ерекше көңіл бөлінуде. Орталық аурухана мен емхана жыл сайын жаңа қондырғылармен толығады. Сонымен қатар, жуырда диқандар өз қаражатына аудандық медициналық мекемелерге 7 арнайы көлік сатып алған. Машиналар денсаулық сақтау ұйымдарына салтанатты түрде табысталды. 

Шалақындық аграрийлер аудан тұрмысына бейжай қарамайды. Биыл әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі меморандум аясында 700 млн теңгеге көмек көрсеткен. Су жаңа автокөліктердің сатып алынуы - 16 мың адамға қызмет көрсететін аурухана үшін зор көмек. 

КӘРІМЖАН ИСАХОВ, Шал ақын аудандық ауруханасының директоры:

Биыл Сергеевкадағы орталық стадион күрделі жөндеу көрді. Оның аясында футбол алаңының жабыны ауыстырылды, спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін аумақ пайда болды. Маңызды іске 540 млн теңге қаржы жұмсалған. Атқарылған жұмыспен аймақ басшысы танысты.

интершум

Биыл Сергеевка қаласындағы ұзындығы 13 шақырым болатын 23 көше жөндеу көрді. Маңызды жұмысқа 150 млн теңге қаржы бағытталды. Бұл бағытта аудан бойынша біраз іс атқарылған.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

Биыл жергілікті кәсіпкер аудан орталығында техникалық қызмет көрсету орталығын ашқан. Іскер азаматқа жобасын жүзеге асыру үшін "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау көрсетіліпті. Дәлірек айтсақ, 15 млн теңгеге су жаңа қондырғылар сатып алған.

Жұмыс сапары аясында Ғауез Торсанұлы Крещенка ауылында орналасқан "Шал ақын Агро 2020" серіктестігіне барды. Шаруашылық өңірде алғаш болып Австралиядан абердин-ангус тұқымды 600 бас ірі қара сатып алған. Аймақ басшысы агроқұрылымда аудан диқандарымен кездесті. Шал ақын ауданының егістік алқабы 266 мың гектарды құрайды. Мұнда орақ науқаны 95 пайызға аяқталған.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

Жуырда ауылда ветеринарлық пункт қолданысқа берілді. Нысанның құрылысына 30 млн теңге қаржы жұмсалған. Мұнда жануарларды тексеруге және емдеуге арналған барлық заманауи жабдық бар. Облыста бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуде.

АРМАН ЕЛЕУКИН, СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Крещенка - Шал ақын ауданындағы шоқтығы биік ауыл. Мұнда 400-ден астам адам тұрады. Жергілікті серіктестіктің арқасында жыл сайын қарыштап дамып келеді. Облыс әкімінің сапары аясында елді мекенде жаңа ойын және футбол алаңы қолданысқа берілді. Жастардың қуанышында шек жоқ. Доп қуып, алда өтетін жарыстарға дайындалуда. Ал мына жақта балалар мәре-сәре. Асыр салып ойнап жүр. 

Жергілікті "Шал ақын Агро 2020" серіктестігі 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыттың ішінде ауылдың дамуына зор үлес қосты. Биылдың өзінде елді мекенге 300 млн теңге қаражат бөліп, бірнеше әлеуметтік нысан тұрғызған.

ТАЛҒАР ТӨКЕЕВ, "Шал ақын Агро 2020" ЖШС директоры:

қаз 903, 0:14-0:47 "Серіктестікте жұмыс істейтін 11 отбасыға үй соғып бердік. Мәдениет үйін жөндедік. Асхана салдық".


Облыс әкімі ауылды аралау барысында аудан қарияларымен бірге Мәдениет үйінің алдына сібір шыршасын екті. Бұл ағаштың жапырағы мүлдем түспейді. Ауаны да тазалайды. Демалыс орнына көрік береді.

интершум

Жұмыс сапары аясында Ғауез Нұрмұхамбетов аудан халқымен кездесті. Тұрғындар ауыз су, жол, энергетика саласы бойынша мәселелер көтерді. Аймақ басшысы жауаптыларға әр түйткілді шешуді тапсырды. Кездесу соңында мінберге аудан әкімі Қайрат Омаров шығып, атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Биыл ауданда 5 мың 400 шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Екі мектеп күрделі жөндеу көруде. Ондаған жұмыс орны құрылып, 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. 


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

қаз 496, 0:40-1:16 "Биыл аудан бюджеті ұлғайып, 4 млрд теңгеден асты. Аудан бюджетіне 506 млн теңге салық түсті".


Ғауез Торсанұлы жұмыс сапарының соңында Сергеев су торабына барды. Гидронысандағы жағдай тұрақты.

Бөлісу