«Каникулы» ретро тобы
Петропавлдағы Дмитрий Карбышев атындағы №40 мектепте төрт жылдан бері «Каникулы» атты ретро топ жұмыс істейді. Ұжымның құрамында – оқушылар, ал жетекшісі – мектеп мұғалімі Владислав Волошин. Жас музыканттар ретро әндерді орындайды. Сюжетен көрейік.
Мектептің акт залында әсем әуен әуелеп тұр. Сахнада – «Каникулы» тобы. Олар тыңдарманға өткен ғасырдың танымал ретро әндерін ұсынады. Репертуарындағы шығармаларды көпшілік жатқа біледі. Топтың атауы да бекер қойылмаған. Оқушылар үшін «Каникул» – көңілге қуаныш сыйлайтын, балалық шақтың алаңсыз күндерін еске түсіретін сөз. Ұжымның әр мүшесі музыкалық аспапты меңгеріп, ортақ өнерге өз үлесін қосып жүр.
СНХР: МАРК СОЛОХА – «КАНИКУЛЫ» ТОБЫНЫҢ КЛАВИШТІ АСПАПТА ОРЫНДАУШЫСЫ:
Әу баста мектеп қабырғасында құрылған топ бүгінде талай сахнада өнер көрсетіп үлгерді. Жас музыканттар қаладағы түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларға шақырту алып, көрерменнің қошеметіне бөленіп жүр. Ал бұл бастаманың жүзеге асуына ұйытқы болған – музыкаға жаны жақын ұстаз Владислав Волошин.
СНХР: ВЛАДИСЛАВ ВОЛОШИН – «КАНИКУЛЫ» ТОБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
СНХР: РОЗА МЫРЗАТАЕВА – Д. КАРБЫШЕВ АТЫНДАҒЫ №40 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Каникулы» – оқушылар үшін жай ғана музыка үйірмесі емес. Мұнда олар сүйікті аспаптарында ойнауды үйреніп қана қоймай, сахнаға шығып, өз өнерін көпшілікке көрсетеді. Бірге дайындалып, бірлесе өнер көрсету балаларды ұйымшылдыққа баулып, бойындағы қабілетін ашуға көмектеседі. Ең бастысы, ортақ қызығушылықтың айналасына жиналған жас музыканттарды музыкаға деген махаббат пен достық біріктіреді.