Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту үшін отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары және қоғамның бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы - қылмыстың салдарымен күресу емес, оның алдын алу шараларын күшейту болып табылады. Осы орайда облыс орталығында аталған мәселені тиімді шешіп отырған білім беру мекемесі бар.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Петропавлдағы №4 мектеп — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселесін тиімді шешіп келе жатқан білім беру ұйымдарының бірі. Оның басты себебі — оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға, әсіресе спортқа кеңінен тартылуы.
СНХР: Татьяна Сергеева — №4 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бүгін дәл осы жерде қаланың бірнеше мектебі оқушылары арасында футболдан аймақтық жарыс өтті. Жарысқа қатысушыларды педагогтер мен демеушілермен бірге Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов та құттықтады.
Алаң иелерінің жігері мен жеңіске деген ұмтылысы өз нәтижесін берді. №4 орта мектептің командасы бірінші орын алды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру — құқық бұзушылықтың алдын алудың сенімді тәсілдерінің бірі. Полицейлер бұл оң тәжірибені кеңінен енгізуді жоспарлап отыр.
СНХР: Серік Әлжанов — Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы
Полицейлер тек ұсыныс берумен шектелмей, оқушыларды өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қолжетімді клубтар, үйірмелер мен секцияларға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр. Бағдарламаны іске асыру жаңа оқу жылының басына жоспарланған.