Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

Қала тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты күнделікті жұмыс. Петропавлда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жалғасып жатыр. Жыл басынан бері қалалық Жастар ресурстық орталығы 102 экологиялық іс-шара ұйымдастырды. Тазалық акцияларына мектеп оқушылары, студенттер, еріктілер, еңбек ұжымдарының өкілдері және қаланың белсенді тұрғындары қатысты.

Аулаларды жинаудан бастап, жалпықалалық ауқымды сенбіліктерге дейін экологиялық акцияның форматы жылдан-жылға түрленіп келеді. Петропавл тұрғындары тазалық іс-шараларына белсене қатысып, қоғамдық орындарды тәртіпке келтіруде. Мұндай бастамалардың басты мақсаты тек қоқыс жинау емес, туған қалаға деген жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Əсіресе, жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Оқушылар мен студенттерге арналған эко-акциялар мен танымдық кездесулерде қоршаған ортаны қорғаудың маңызы түсіндіріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Алда жаңа бастамалар, сенбіліктер мен көркейту-көгалдандыру жобалары жоспарланған. «Таза Қазақстан» акциясы Петропавлдың күнделікті өмір салтына айналып, қаланы таза, жайлы әрі көрікті етуге ниетті тұрғындардың басын біріктіріп отыр.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар