Құрылтай сайлауы: ел дамуындағы жастардың рөлі
Алдағы Құрылтай сайлауы елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуы үшін айрықша маңызға ие. Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде білім беру жүйесін жетілдіру бағыты белгіленген.
Бүгінде білім сапасын арттыру, оқу орындарының материалық-техникалық базасын нығайту, ғылым мен инновацияны дамыту, сондай-ақ жастарды кәсіби даярлау және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту өзекті мәселелердің қатарында. Мұнымен қоса, студенттерді әлеуметтік қолдау, білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың зияткерлік әрі кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау ерекше назарда. Kozybayev University басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісованың айтуынша, бұл процесте жастар, соның ішінде студенттік қауымдастық басты рөл атқарады. Өйткені дәл осы аға буынның орнын басар жас ұрпақ болашақ өзгерістердің басты қозғаушы күші.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА МҮШЕСІ