Негізгі Жаңалықтар «Балақайлар мектебі»: бірінші сыныпқа алғашқы қадам

«Балақайлар мектебі»: бірінші сыныпқа алғашқы қадам

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған орай болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда дайындық тобының тәрбиеленушілері үшін «Балақайлар мектебі» бағдарламасы өтуде. Жоба мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып, болашақ бірінші сынып оқушыларының жаңа білім беру ортасына сәтті бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған. 

Аталған жобаның басты мақсаты – балалардың бастауыш сыныпта оқуға зияткерлік, мотивациялық және эмоционалдық-еріктік дайындығын қалыптастырып, бірінші сыныпқа бейімделу кезеңін жеңілдету. Сонымен қатар бағдарлама аясында балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп, жеке қасиеттерін дамытуға мән беріледі.

СНХР: БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА, С. ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ

Білім ордасында бағдарлама аясында 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндер үш сыныпқа бөлінген. Соның бірі – 26 оқушыдан құралған 1 «А» сыныбы Балалар арнайы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша алғашқы білім мен қажетті дағдыларды меңгеруде. Бұл сыныпқа 25 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Әбішева жетекшілік етеді.

СНХР: КӘМШАТ ӘБІШЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ 

Балақайлар 10 күн бойы жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп, сабақтарға белсенді қатысып жүр. Бағдарлама оларға мектептің тәртібі мен оқу үдерісіне алдын ала үйренуге мүмкіндік береді.

СНХР: АРХАД ЕДІЛ-ҒАЛИ, ОҚУШЫ 

Осылайша, «Балақайлар мектебі» балаларға жаңа ортаға бейімделіп, алғашқы оқу жылын сенімді бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар