Негізгі Жаңалықтар Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 287 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 25 адам мерт болып, 414 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны азайғанымен, қаза тапқандар саны артқан. 

Апат ең көп тіркелген күндер – дүйсенбі және сәрсенбі. Бұл күндері тиісінше 52 және 50 жол-көлік оқиғасы болған. Кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін 54 апат тіркелсе, ең ауыр салдар таңғы уақытта болған. Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейінгі аралықта 8 адам қаза тапқан. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қалалар мен елді мекендерде тіркелген – 221 жағдай. Негізгі себептердің бірі – қиылыстардан өту ережелерін бұзу. Осы себептен 170 жол-көлік оқиғасы болған. Тағы 21 жол-көлік оқиғасы дұрыс маневр жасамаудан орын алған. Төрт апат жылдамдықты шамадан тыс арттыру салдарынан болған. Бұл жағдайлардың барлығында адам қаза тапқан. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік тізгінінде мұқият болуға және жолда тәуекелге бармауға шақырады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар