Негізгі Жаңалықтар Абылай ханның туғанына 315 жыл

Абылай ханның туғанына 315 жыл

Биыл қазақ халқының бірігуі мен мемлекеттілігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан ұлы қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 315 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай облыс орталығында бірқатар маңызды патриоттық және ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерейтойлық іс-шаралар легі таңертең облыс орталығындағы Абылай хан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Кейін облыстық кітапханада Халықаралық деңгейдегі конференция өтті. 

Айтулы күнге орай жұртшылық таңертең ертемен Абылай хан резиденциясының алдына жиналды. Іс-шараға қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлы қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар қазақ мемлекеттілігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан баба рухына тағзым етіп, оның есімін ұлықтап, рухына құрмет көрсетті.

СНХ: БАУЫРЖАН ЖҮНІСОВ, ТАРИХШЫ

СНХ: ӘЛИЯ НҰҒМАНОВА, АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЕГІЗІНШІ ҰРПАҒЫ: 

Кейін «Абылай хан мұрасы: тарих, тағылым, және ұлттық құндылықтар» атты республикалық ғылыми- практикалық конференция өтті. Жиынның басты мақсаты - ұлы қолбасшының елді нығайтудағы тарихи рөлін зерделеу, ұлт тарихындағы тұлғалық орнын айқындау және ханның рухани-тарихи мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу. Тағылымды іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылыми академиясының академигі Болатбек Нәсенов қатысты. 

СНХ: БОЛАТБЕК НӘСЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Белгілі абылайтанушы Болатбек Нәсеновтің ұлы ханның өмірі мен тарихи мұрасын зерттеу жолында сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол талай жыл Ресей мұрағаттарын ақтарып, құнды құжаттарды жіті зерделеу арқылы елімізге және өңірімізге қатысты тың деректерді тауып, тарихымыздың ақтаңдақтарын толтыруға сүбелі үлес қосқан. 

СНХ: БОЛАТБЕК НӘСЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Ғылыми-практикалық конференция аясында отандық тарих ғылымындағы Абылай хан тұлғасына қатысты жаңа зерттеулер мен тың деректер таныстырылып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ұлы ханның тарихи мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар