Жастарға арналған құқықтық марафон
Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасын қолдауға бағытталған құқықтық марафон өткізді. Іс-шара облыс әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, құқықтық білімдерін ойын форматында шыңдады.
Марафонның мақсаты – жастарға заңның күнделікті өмірде қалай қолданылатынын практикалық тапсырмалар арқылы көрсету. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттырып, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шараға мектеп оқушылары мен жастар қатысты. Олар әскери үлгідегі киімді белгіленген тәртіппен кию, қысқа уақытта сот процесін ұйымдастыру және «Заң және тәртіп» тақырыбында плакат әзірлеу сынды тапсырмаларды орындады. Мұндай формат қатысушыларға құқықтық нормаларды ойын арқылы түсініп, топпен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
СНХР: ЕРЖАН САЛТЫҚОВ, ОҚУШЫ
Құқықтық марафон жастардың заң сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды.