Жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Петропавл қаласының Орталық алаңында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 30-дан астам жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге түрлі саладағы өзекті вакансияларын ұсынды. Жәрмеңке жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіби бағыт-бағдар беруге арналды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастарды еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстырып, жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру. Қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған жұмыс орындары бойынша кеңес алды.
СНХР: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ
Жәрмеңкеде «Қазақтелеком», «СевКазЭнерго», «Петромаш», «Маслодел», «Отбасы банк» секілді 30-дан астам ұйым бос жұмыс орындарын ұсынды. Сұранысқа ие мамандықтардың қатарында жұмысшы мамандар, мұғалім, дәрігер, аспаз, оператор және басқа да қызметтер бар. Сонымен қатар, іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі де қатысып, қызметке орналасуға ниетті азаматтарға қажетті ақпарат берді.
СНХР: МАДИМАР ДҮЙСЕНОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Аталған жәрмеңке Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданында және Петропавл қаласында ұйымдастырылып, жалпы саны 800-ден астам адамды қамтыды. Осылайша, іс-шара жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.