Негізгі Жаңалықтар Қауіпке қаймықпай қарсы тұратындар

Қауіпке қаймықпай қарсы тұратындар

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері күн сайын өзгенің өмірін сақтап қалу үшін, өз өмірін қатерге тігіп, күрес жүргізеді. Әсіресе, биіктікте, қол жетпейтін күрделі жерлерде іздеу-құтқару жұмыстарын атқаратын құтқарушылардың жұмысы ерекше ерлікті, темірдей тәртіпті және кәсіби шеберлікті талап етеді. 

Бұл мамандық иелері үшін әрбір секунд – сын сағат. Қалың қар, үскірік аяз немесе қатты желге қарамастан, олар кез келген төтенше жағдайға дайын тұруы тиіс. Күнделікті жаттығулар барысында мамандар арнайы альпинистік жабдықтарды қолданып, биік ғимараттардан түсу, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау әдістерін пысықтайды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сәттерде бір секундтық қателік үлкен қасіретке әкеп соғуы мүмкін, сондықтан әрбір әрекет жылдам, әрі аса жауапкершілікпен қырағы орындалады. 

СНХ: ДАМИР ОРАЗОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Құтқарушылардың күнделікті жұмысы үздіксіз жаттығудан тұрады. Олар төртінші қабаттың биіктігінен арнайы альпинистік жабдықтардың көмегімен адамды төмен түсіру және қайта жоғары көтеру әдістерін толықтай пысықтап шығады. Бұл процесте әрбір қимыл, арқанның тартылуы мен түйіннің беріктігі қатаң есептеледі. Нақты шақырту кезінде ойланып тұруға уақыт болмайтындықтан, мұндай жаттығулар әрбір әрекетті автоматты түрде орындауға үйретеді.

Айтылған тапсырманы орындау оңайға түскен жоқ. Тіпті биіктіктен түсу кезінде абайсызда сүрініп, тіземді де жарақаттап үлгердім. Төтенше жағдай кезінде әрбір қадамның, арқанды дұрыс ұстаудың және қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екенін осындай сәттерде нақты түсінесің. Бір ғана сәтте болған абайсыздық ауыр зардапқа әкеп соғуы мүмкін екенін бұл кәсіп иелері әр секунд сайын дәлелдеп жүр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар