Негізгі Жаңалықтар Тайынша қаласында құтыру ауруына байланысты ветеринариялық шектеу енгізілген

Тайынша қаласында құтыру ауруына байланысты ветеринариялық шектеу енгізілген

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында ветеринариялық шектеулер күшінде қала береді. Тайынша қаласында мысықтан құтыру ауруы анықталды. Бұл дерек 16 маусымда тіркеліп, соның негізінде елді мекен әкімінің шешімімен шектеу шаралары енгізілді. 

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының мәліметінше, Тайынша қаласында вирус ошағы тіркелгеннен кейін қауіпсіздік шаралары жалғасуда. Бұл жыл басынан бері өңірде жануарлар арасында тіркелген аса қауіпті үш инфекцияның бірі. Бұған дейін Есіл ауданының Амангелді ауылында құтыру тіркеліп, қажетті ветеринариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін 18 мамырда шектеулер алынып тасталған болатын. Сол аудандағы Ильинка ауылында наурыз айында бруцеллез анықталып, шамамен бір айдан соң ол жағдай да жабылды. Алайда бруцеллездің адам денсаулығына да қауіп төндіретінін ұмытпаған жөн. Биыл облыста аталмыш дертті жұқтырған 3 адам тіркеліп отыр. Қазіргі таңда Тайыншада мамандар эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр, ал шектеулер қажетті жұмыстар толық аяқталғанша сақталады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар