Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралады

Аймақ басшысы Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралады

Петропавлда инфрақұрылымды жаңарту және жаңа спорт нысандарын салу жұмыстары қарқын алған. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шаһардағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан істердің барысымен танысты.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралады. Аймақ басшысы ең алдымен Сүтішев және Алтынсарин көшелерімен өтетін №8 жылу магистралындағы күрделі жөндеу жұмысымен танысты. 150-ден астам баспананы жылумен қамтып отырған желі 90 пайызға тозған. 2027 жылы бұл олқылықтың орны толып, құбырлары толықтай ауыстырылады. 

Қазіргі таңда Қазақстан Конституциясы көшесін қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Оның аясында бас көше бойындағы барлық баспаналар жылуұстағыш материалдармен қапталып жатыр. 

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

Кейін облыс әкімі Береке ықшам ауданында орналасқан №3 жылу магистралындағы күрделі жөндеу жұмысымен танысты. 121 баспананы жылумен қамтып отырған желідегі маңызды іс ендігі жылы аяқталады.

Қазіргі таңда Петропавлда №2 жылу магистралі де күрделі жөндеу көруде. Ол Новая мен Алтынсарин көшесінде орналасқан. Жоба құны - 5 млрд 800 млн теңге. Маңызды іс өткен жылдың мамыр айында басталыпты. 

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

Кейін облыс әкімі "Петропавл жылу желілері" серіктестігінің диспетчерлік пунктінде болды. Мұнда өңір жетекшісіне кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыс пен алдағы жоспар жайлы айтылды. Айта кету керек, биыл шаһардағы 1 жарым шақырым жуық жылу желісі демонтаждалып, жаңасы тартылады. Ағымдағы жылы атқарылатын іске 2 млрд теңге қаржы бөлінген.

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, "Петропавл жылу желілері" серіктестігінің директоры:

Алдағы жылдары облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай мұз аренасы мен әмбебап спорт кешені бой көтереді. Алғаш аталған ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Нысанда спортшыларымыз хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру және керлингпен айналыса алады.

ҒАЛЫМЖАН ЕСЕТОВ, "ВД Строй-инжиниринг" ЖШС директоры:

Ал әмбебеп спорт кешені болса 4 қабаттан тұрады. Болашақта жерлестеріміз мұнда 20-ға жуық жазғы спорт түрімен айналыса алады. Барлық құрылыс алаңымен танысып шыққан Ғауез Торсанұлы жауаптыларға маңызды істің сапасына баса назар аударуды тапсырды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар