Шабыт беретін оқиғалар
Петропавлдағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған «Жанды кітап» іс-шарасы жастар мен аға буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Рухани алаңға айналған бұл жиында оқырмандар өңірімізге белгілі қаламгерлермен жүздесіп, ашық сұхбат құрды. Солтүстікқазақстандық ақын, жазушылардың қатысуымен өткен ерекше форматтағы кездесу жиналған қауымның көңілінен шықты.
«Жанды кітап» - облыстық кітапханада тұрақты ұйымдастырылатын ерекше жоба. Бұл іс-шарада оқырмандар қағаз кітап беттерін ақтармайды, керісінше, өз ісінің мамандарымен және өмір жолы өнегелі тұлғалармен жүздеседі. Олар жиылған қауымға өз өмірінің қызықты сәттері мен құнды тәжірибесі туралы сыр шертіп, мазмұнды әңгіме айтып береді.
СНХ: ЖАНСҰЛУ БЕКЕНОВА, КІТАПХАНАШЫ
Танымдық кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Самрат Құскенов арнайы қатысып, оқырмандармен жүздесті. Ол тыңдаушыларға өз оқиғалары жайлы баяндап, кітаптың құндылығы жайлы айтып берді.
СНХ: САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Бұл мазмұнды кездесу «СҚО – кітап оқитын өңір» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жалпы іс - шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты кітап оқуға баулып, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.