Негізгі Жаңалықтар 19 тамыз-Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні

19 тамыз-Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні

19 тамызда Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні атап өтіледі. Бұл күн ең күрделі жағдайларда өзгелерге көмектесетін адамдарға арналған. Аталған күнді БҰҰ 2003 жылғы 19 тамызда Бағдадта болған қайғылы оқиғадан кейін бекітті. Жарылыс кезінде 22 адам қаза тапты. Бүгінде бұл дата гуманитарлық ұйымдардың, құтқарушылардың, еріктілердің және зардап шеккендер мен мұқтаж жандарға қолдау көрсететін барлық азаматтардың еңбегін еске салады. Солтүстік Қазақстан облысында да түрлі сала өкілдері мен жанашыр тұрғындар қиын жағдайға тап болған жандарға әрдайым қол үшін беруде аянбайды. Олар үшін қиын сәтте адамға қолдау көрсету - ынтымақ пен адамгершіліктің көрінісі.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар