СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасына 3,7 млрд теңге бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысында "Ауыл Аманаты" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 3,7 млрд. теңге қарастырылды. Қазір мамандар өтінімдерді қабылдап, ұсынылған жобаларды іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл орта және шағын бизнестің дамуына тың серпін беріп, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін бастаған жандармен
ЗКТ: Бескөл ауылының тұрғыны Болат Шәкірбаев ұзақ жылдар бойы жүргізуші болып еңбек еткен. Биыл ол "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша 5 млн.теңге несие алып, ротанг материалынан жиһаз өндіру ісін қолға алды. Мұндай кәсіп түрі өңірде әзірге кең тарала қойған жоқ.
СНХР: БОЛАТ ШӘКІРБАЕВ, КӘСІПКЕР
0572. 0230 /Өте ыңғайлы. Аз пайыз. 6 ай сайын ғана төлеймін. + 0254 Несиені алғаннан кейін Шымкентке барып, осыны қалай тоқу керек, қалай жасау керек, соның бәрін бір екі аптадай сол жақта обучениеяда болып келдім. Сосын сол жақтан керек заттардың бәрін алып, осы жақтан бастадым./
ЗКТ: Биыл Солтүстік Қазақстан облысына "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша бизнес жобаларды қолдауға 3,7 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде бағдарламаға қатысуға ниет білдірген тұрғындардан 200-ден астам өтінім қабылданды. Дегенмен жаңа талаптарға сәйкес кейбір кәсіп бағыттарына қаржы қарастырылмайды.
СНХР: ОЛЕСЯ ЖУКОВЕНЬ "СОЛТҮСТІК" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
0526. 0144 аударма /Жаңа тәртіпке байланысты "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша ғимараттарды, туыстардан мал сатып алуға және көтерме-бөлшектеп сатуға ақша бөлінбейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 8 мың айлық есептік көрсеткіші көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған./
ЗКТ: Мамандардың айтуынша, өтінімдердің басым бөлігі өсімдік және мал шаруашылығы, қайта өңдеу, омарташылық, туризм және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Бағдарлама ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.