Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімінің бірінші орынбасары м.тасмағанбетов республикалық маңызы бар жолдың жағдайымен танысты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары м.тасмағанбетов республикалық маңызы бар жолдың жағдайымен танысты

Ақжар ауданында Көкшетау-Кішкенекөл бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Аталған ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жолды жөндеу барысымен танысты. 

Ақжар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Көкшетау-Кішкенекөл бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдың жағдайымен танысты. Аталған аралықтың қашықтығы 230 шақырымды құрайды. Оның 58 шақырымына күрделі, ал 102 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Марат Иманбайұлы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, айналма жолдардың сапасы сын көтермейтінін жеткізді

Жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Жоба аясында 20 автобус аялдамасы 35 су өткізгіш құбыр, 2 мыңнан астам жол белгісі мен сигналдық баған орнатылуы тиіс, бұдан бөлек 7 демалыс алаңы салынуы керек.

Бөлісу