СҚО-да қазақстан мен орталық азиядағы ең ірі сауу қондырғысы бар мегаферма іске қосылды
М.Жұмабаев ауданында «СК Агро 2050» ЖШС 12 мың бас ірі қара малға арналған мегаферманың бірінші кезеңін іске қосты. Өңіріміздегі бұл айтулы оқиғаға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы қатысып, серіктестік жұмысымен танысты. Жалпы, кешен бір мезетте 100 сиырды саууға арналған германиялық «GEA Westfalia» брендінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі «карусель» үлгісіндегі сауу қондырғысымен жабдықталған.
Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жалпы, заманауи ферма сүтті мал шаруашылығының озық әлемдік стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған жаңа жоғары технологиялық нысан. Инвестиция көлемі 30 млрд теңгені құрайды. Мұндағы «Карусель» үлгісіндегі сүт қондырғысы арқылы бір мезетте 100 сиырды саууға мүмкіндік бар.
СНХ: ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВ, “СК АГРО 2050” ЖШС ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ,
Жыл басынан бері Германиядан әуе көлігімен фермаға 550-ден астам асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Жыл соңына дейін Еуропа елдерінен тағы 660 бас мал әкелу жоспарланып отыр. Өңір басшысы мегаферманың өндірістік әлеуетіне жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жоғары технологиялық сүт кешендерін дамыту ісі бойынша жұмыстар бүгінде елімізде сәтті іске асып жатыр. Әсіресе, өңіріміздегі заманауи тауарлы-сүт фермаларын салудағы озық тәжірибесі республикаға кеңінен таралып, агроөнеркәсіпті қолдаудың ең тиімді үлгісіне айналды. Қазіргі уақытта облыстағы 118 сүт-тауарлы ферманың 50-ден астамы «ақылды» кәсіпорын форматында жұмыс істейді. Жалпы, сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде жалпы құны 144,5 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.