Негізгі Жаңалықтар Құрылтай - ел болашағын айқындайтын тарихи таңдау

Құрылтай - ел болашағын айқындайтын тарихи таңдау

Құрылтай халықтың еркін білдіретін, заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Оның құрылуы өкілді биліктің рөлін күшейтуге, заң шығару үдерісін жетілдіруге және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды. Бұл сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Снх: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, СҚО ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бөлісу