Шал ақын ауданының Ступинка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және ауыл тұрғындары қатысты. Жаңа нысан жергілікті халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Семиполка ауылдық округінің Ступинка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Нысанның құрылысына демеушілік жасап, құрылыс жұмыстарын жүргізген – «Алтын Астық KZ» серіктестігі. Бұл Шал ақын ауданында соңғы жылдары бой көтерген үшінші медициналық нысан. Бұған дейін осындай медициналық қосындар 2024 жылы Жаңажол ауылында және 2025 жылы Бірлік ауылында пайдалануға берілген болатын.
СӘКЕН АМРИН, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Медициналық пункттің іші жарық әрі кең. Қонақтар жаңа нысанды аралап, ондағы жасалған жағдайлармен танысты. Мұнда екпе егу және ем-шара кабинеттері, сондай-ақ дәрігердің қабылдау бөлмесі қарастырылған. Медициналық пунктте үш маман қызмет атқарады. Солардың бірі – фельдшер Күлшара Бекешева. Оның жалпы еңбек өтілі 33 жылды құрайды, соның 21 жылын Ступинка ауылында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге арнаған тәжірибелі маман. Жаңа медициналық нысанның бой көтеруіне де ұйытқы болған жандардың бірі.
КҮЛШАРА БЕКЕШЕВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОСЫННЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ
Медициналық пункттің ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Олар жаңа нысанның іске қосылғанына дән риза, оның ауыл үшін маңызы зор екенін жеткізді.
ЛӘЙЛА ТӘЖІБАЕВА, СТУПИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Жоспар бойынш келесі жылы Крещенка ауылында да осындай медициналық пункт бой көтеретін болады.