Жаз мезгілі жаңа кездесулерден, жарқын әсерлер мен жаңа мүмкіндіктерінен басталады. Бүгін, 16 маусымда «Берёзка» балалар сауықтыру орталығы бірінші маусымның қатысушылары үшін өз есігін айқара ашты. Жалпы алғанда бес маусым жоспарланған, оның аясында балалар алты жасаққа бөлінген.
Бірінші маусым он күнге созылады және қатысушылар үшін белсенді демалыс, шығармашылық пен тұлғалық даму кезеңіне айналады. Биылғы басты тақырып патриоттық тәрбие, яғни балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті дамыту. Бұдан бөлек, лагерь бағдарламасы тәрбие жұмысының өзге де маңызды бағыттарын қамтиды.
Снх: ЕЛЕНА МИРОЕДОВА, «БЕРЁЗКА» САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Аударма///// Бүгінде біздің лагерьге сұраныс өте жоғары. Біз балаларға әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткіземіз. Олардың қатарында әскери-патриоттық және іздестіру жасақтарының жұмысы, спорттық шаралар және басқа да тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар бар. Мұның бәрі ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілікті, өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуді және отбасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.
ЗКТ: Ауысым барысында балаларды квесттер, тақырыптық ойындар, тренингтер, экологиялық акциялар, кәсіптік бағдар беру кездесулері мен іскерлік ойындар күтеді. Сондай-ақ бағдарламада би және музыкалық кештер, конкурстық шоулар, дебаттар, флешмобтар сияқты іс-шаралар бар. Бірінші маусымда лагерьге 195 бала келеді. Олардың көбі бұл жерге жыл сайын келуді әдетке айналдырған.
БЛИЦ
Аударма/// 147////// Мен бұл жерге алғаш рет келіп тұрған жоқпын, шамамен оныншы рет келуім шығар. Мұнда бәрі өте әдемі. Табиғаты да ерекше ұнайды. Өткізілетін іс-шаралар да қызықты. Біз түрлі кездесулер мен кештерге қатысып, өнер көрсетеміз. Ең бастысы өзіңді жан-жақты танытып, қабілетіңді көрсетуге тамаша мүмкіндік бар.
Аударма////149//// Жыл сайын осы лагерьге келемін. Бұл жерде қызықты әрі ерекше атмосфера қалыптасқан. Волонтерлар, ұйымдастырушылар, тәрбиешілер және осында еңбек ететін барлық жандар өте мейірімді. Лагерьде уақытты қызықты өткізуге барлық мүмкіндік бар..
ЗКТ: Жүздеген бала үшін жаз қызығы алда. Олар үшін «Берёзка» лагері демалыс, даму және жаңа ашылымдар алаңына айналмақ.