Өндірістік өсім мен жаңа инвестицияға серпін. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев келді. Үкімет басшысының орынбасары өңір басшылығымен бірге машина жасау және электротехника салаларындағы ауқымды жобалар жүзеге асып жатқан негізгі өндіріс алаңдарын аралады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге ірі инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Делегация алдымен трансформаторлар мен жиынтықтауыш бөлшектер шығаруға маманданған Петропавл электротехника зауытына ат басын бұрды. Жобаның құны 10 миллиард теңге. Мұнда 200 жұмыс орны ашылған, ал кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 13 мың дана дайын өнім шығаруға қауқарлы. Ондағы өнімнің 98 пайызы Ресей Федерациясына экспортталады. Бұдан кейін жұмыс тобы «ЗИКСТО» зауытына барды. Мұнда электропоездар, жолаушылар және платформа-вагондар құрастырылады. 2025 жылы кәсіпорында аумағы 12 мың шаршы метр болатын жаңа өндірістік кешен құрылысы аяқталып, IGM компаниясының роботтандырылған технологиялық желісі іске қосылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 25 миллиард теңге. Жаңа желінің іске қосылуы қосымша 300 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп, зауыт жылына 3,5 мың дана дайын өнім шығаруға қол жеткізді.
СНХ:СЕРГЕЙ ПАВЛИНГЕР, «RAILWAYS SYSTEMS HOLDING» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Сондай-ақ делегация өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын ірі кәсіпорындардың бірі CLAAS зауытына барды. Мұнда комбайндар, тракторлар және егіс кешендері шығарылады. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 6 миллиард теңгені құрайды. 100 жұмыс орны ашылған, ал кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 600 дана дайын техникаға есептелген.
СНХ: СЕРГЕЙ ЖОЛИК, «CT ASSEMBLY» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Бұдан кейін жұмыс тобы Қазақстан мен Орталық Азиядағы май сығу саласының көшбасшысы «Масло-Дел» зауытының жұмысымен танысты. Өндірісте суықтай сығудың заманауи технологиялары қолданылады, бұл шикізатты тиімді өңдеп, экспорттық бағыттарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаның инвестиция көлемі 34 миллиард теңге. Өндірістің қуаттылығы жылына 370 мың тонна шикізатты өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында қазіргі күні 270 адам еңбек етеді, орташа жалақы шамамен 500 мың теңге.
СНХ: ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Сондай-ақ делегация өңірді жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін негізгі энергетикалық нысан Петропавл 2-ЖЭО жұмысын тексерді. Станцияның жедел басқару орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы, жөндеу және инвестициялық жұмыстардың жүргізілуі, сондай-ақ жабдықтарды жаңғырту мен жұмыс сенімділігін арттыру шаралары туралы баяндалды. Айта кетейік, бүгінде мұнда 800-ге жуық адам жұмыс істейді, орташа жалақы 496 мың теңгені құрайды.
СНХ: АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев өңір экономикасы мен инфрақұрылымының өзге де маңызды нысандарын аралады. Сапар аясында «Зеленый Север» серіктестігінің жылыжай кешені, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Универсальная көшесіндегі жолөткел құрылысы, «Пёстрое» көліндегі экопарк және «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің сүт-тауарлы фермасының жұмысы да назарға алынды.