Петропавл қаласындағы заманауи қоғамдық кеңістіктердің бірі - Пёстрое көліндегі экосаябақ бүгінде отбасылық демалыс пен таза ауада серуендеуді ұнататындардың сүйікті орнына айналып келеді. Мұнда отбасылық демалысқа, спортпен айналысуға және табиғат аясында тынығуға барлық жағдай жасалған.

Күн өткен сайын экосаябақта бос уақытын өткізетін қала тұрғындарының саны артып келеді. Серуендеуге арналған аймақтар, демалыс орындары мен көркем табиғат көріністері келушілердің көңілінен шыққан. Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары экопарк туралы әсерлерін жасырмайды. Қала тұрғындарының арасында көл жағасындағы серуен жолдары мен заманауи балалар ойын алаңдары ерекше сұранысқа ие. Көпшілік табиғаттың әсем келбетін тамашалап, қаладағы күйбең тіршіліктен алыстап, демалуды жөн көреді.