Бүгінде стартап – жай ғана идея емес, болашақты өзгертуге мүмкіндік. Петропавлда Startap Orda алаңы өз жұмысын бастады. Мұнда жас өнертапқыштар, кәсіпкерлер мен сарапшылар бас қосып, жаңа шешімдер іздеп, болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға кірісті.

Бағдарламаға инновациялық идеялары бар жастар, сондай-ақ өз бизнесін ІТ құрамдасымен толықтырғысы келетін кәсіпкерлер қатысуда. Жоба басталардан бір жарым ай бұрын жарияланған. Осы уақыт аралығында ұйымдастырушыларға рекордтық деңгейде – 140-тан астам өтінім түскен. Оның ішінде 100-ден астам қатысушы бағдарламаға іріктеліп, оқу кезеңін бастады.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бағдарламаға аудан орталықтарының өкілдері де қатысуда. Олар өз идеяларын дамытып, жүзеге асыруды көздейді. Жобалардың басым бөлігі ІТ саласымен байланысты болғандықтан, негізгі назар технологиялық стартаптарға аударылған. Қатысушыларға сараптамалық қолдау мен трекерлік сүйемелдеу көрсетіледі. Трекер – стартаптармен апта сайын жұмыс істеп, олардың идеяларын кезең-кезеңімен нақты жобаға айналдыруға көмектесетін маман. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – ІТ немесе бағдарламалау бойынша арнайы білімнің міндетті болмауы. Қажет болған жағдайда ІТ мамандары тартылып, командалар жасақталады.

СНХР: МИХАИЛ УРСАТИЙ, ҚАТЫСУШЫ

Бағдарламаның қорытынды кезеңінде ауқымды Demo Day өткізу жоспарланған. Онда қатысушылар өздерінің дайын жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстырады.