Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Гүлбақыт Хәкімқызы Манабаева Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Гүлбақыт Хәкімқызы 1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы қалалық классикалық гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2011-2024 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде бас маман, бөлім басшысы және басшының орынбасары қызметтерін атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.