Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылына барды. Аталмыш ауылды алдыңғы қатарлы елді мекендер қатарына қосып, тұрғындардың жағдайын жасап отырған "Зенченко и К" командиттік серіктестігінің жұмысымен танысты. 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен  аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен ауылдағы сүт фермасына барды. Кешеннің басты ерекшелігі – ірі қараны сауатын жоғары технологиялы «карусель» типті сауу қондырғысының болуы. 

Содан кейін жиналғандар ауылдағы орта метепке барып, оқушыларға жасалған жағдаймен танысты. Білім ошағы 1968 жылы құрылған. Жобаның қуаттылығы - 460 орынға дейін жетеді. Бүгінде 330-дан астам оқушы білім алып жатыр. Мектепте күніне екі рет тамақтану ұйымдастырылған. Оның шығынын «Зенченко және К» КС өз мойнына алған. 

СНХ: ВИКТОР ВЫСОЦКИЙ, ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұдан кейін қонақтар ауылдың мәдени тынысын сезіну үшін жергілікті Мәдениет үйіне қарай аяқ басты. Кешкісін, қарбалас жұмыс күнінен кейін нысманның іші жанға толады. Мәдениет үйі меңгерушісінің айтуынша, балалар би үйірмесіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Бүгінде би ансамбльіне 60-қап жуық бала келеді. Олар 4 жастан бастап қабылданады. Қазіргі таңда мұнда 9 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Оның екеуіне «халықтық» атағы берілген.

СНХ: ОЛЬГА БЛАМБАЕВА, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ал, ауылдағы спорт сарайы 2017 жылы ашылған. Кешенде бассейн, волейбол, баскетбол, фитнес , тренажер залы және гір көтеру үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы, күн сайын нысанға шамамен 50-60 адам жаттығуға келеді.

Бүгінде ел экономикасының тірегіне айналған, агроөнеркәсіп кешенінің көшбасшысы «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігі тек жоғары өндірістік көрсеткіштерімен ғана емес, өз жұмысшыларына көрсеткен ерекше әлеуметтік қамқорлығымен дараланып отыр.