Облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавлдағы өндіріс орындары мен құрылыс алаңдарын аралады.
"Зеленый Север" серіктестігі жылына 3 мың тонна қияр мен қызанақ өндіруге қауқарлы. Бұл - инвестициялық жоба. Құны 7 млрд теңгеден асып жығылады.
ЕКАТЕРИНА АСАЁНОК, "ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда облыста 1 трлн 1 млрд теңгенің 64 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Жергілікті әкімдік өкілдері шетелдік кәсіпкерлерге тиісті жағдайды жасауда. Бар ақпармен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев бөлісті.
ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұрлыбек Машбекұлы барған келесі нысан Петропавл ауыр машина жасау зауыты болды. Кәсіпорын 1961 жылы қолданысқа берілген. Мұнда 500-ге жуық адам жұмыс істейді.
Бұл - Универсал көшесі бойында салынып жатқан жол өткелі. Мұндағы құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталған. Аталған нысан орталық пен Жұмысшы кентін байланыстырады. Айта кету керек, жоспар бойынша жол өткелі тамызда қолданысқа беріледі.
Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында Пестрое көлінің маңында салынып жатқан экопаркке барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Бірегей жобаның құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Алдағы уақытта аумаққа 520 көлікке арналған автотұрақ салынып, 200-ге жуық жарықшам орнатылмақ. Бүгінде аумақ толығымен абаттандырылған. Тұрғындар атқарылған жұмысты жоғары бағалауда. "Ең бастысы - халықтың разы болғаны", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұрлыбек Нәлібаев Петропавлдағы өндіріс орындары мен құрылыс алаңдарын аралағаннан кейін Новоникольское ауылына барып, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.