Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы ресми түрде 1 шілде күшіне енеді. Құжат мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды түрде өзгертуді көздейді.
Басты жаңалықтардың бірі қазіргі қос палаталы парламенттің өкілеттігін тоқтатуы болмақ. Оның орнына еліміздің жаңа өкілді органы Құрылтай құрылады. Заңнамалық базаны кезең-кезеңімен жаңарту, бірқатар билік институттарын қайта ұйымдастыру, сондай-ақ Конституциялық соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамдарын жасақтау күтілуде. Солтүстікқазақстандықтар қабылданған шешімдердің барлығын дер кезінде жасалған қадам деп санайды.
БАҚЫТ СӘДУАҚАСОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ